28 сәуір 2022 15:03

500 мың теңге пара сұраған полицей ірі мөлшерде айыппұл арқалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © Tengrinews.kz Фото © Tengrinews.kz

БҚО Ақжайық аудандық полиция бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Артур Әбілхайыровқа 7,5 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды "Мой Город".


БҚО Ақжайық аудандық полиция бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Артур Әбілхайыровқа 7,5 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды "Мой Город".

Орал қалалық сотының хабарына қарағанда, Әбілхайыровқа "Алаяқтық" бабы бойынша айып тағылған. Іс материалдарынан белгілі болғандай, биыл 5 ақпанда Чапаев-Жалпақтал тасжолында полиция қызметкерлері Яворский тізгіндеген ГАЗ-2752 автокөлігін тоқтатқан. Яворскийдің жүргізуші куәлігі болмаған және алкоголь иісі шыққан. Алайда ол медициналық тексеруден өтуден бас тартқан соң, полицейлер көлігін Ақжайық өңіріндегі арнайы тұраққа қойып, жүргізушінің өзі облыстық полиция департаментіне жеткізілген. Артур Әбілхайыров аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары бола тұра, қызметтік бабын пайдаланбақ болған.

"Әбілхайыров осы қылмыстық істі жүргізіп жатқан тергеуші Орынғалиұлына қанда алкоголь болу дерегін анықтау үшін Яворскийден қан үлгілерін алуға ауызша нұсқау берген. Оларды тергеуші сот химия-токсикологиялық және сот-наркологиялық сараптамаларын жүргізу үшін Әбілхайыровқа тапсырған. Кешке Яворский Әбілхайыровтың талабы бойынша оның қызметтік кабинетіне барған. Онда полицей қылмыстық істі тоқтатып, арнайы тұрақтан автокөлігін қайтарып беру үшін 500 мың теңге талап еткен. Яворский басқа амалы болмағандықтан Әбілхайыровтың заңсыз талабына келіскен", - делінген іс материалдарында.

10 ақпанда Әбілхайыров химиялық-токсикологиялық сараптама қорытындысына сәйкес, Яворскийдің қанынан алкоголь табылмағанын және оған қатысты қылмыстық істі тоқтату керегін білген. Алайда полиция қызметкері бұл туралы Яворскийге айтпауды ұйғарып, балдызы Иманғазиевтен Яворскиймен кездесіп, одан ақша алып кетуді сұрайды. Ақша беріп жатқан сәтте Иманғазиевті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері қолға түсірген. Әбілхайыров сотта кінәсін мойындады. 

Сот үкімімен Артур Әбілхайыров кінәлі деп танылып, оған параның он бес еселенген сомасында, яғни 7,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынып, өмір бойы мемлекеттік лауазымда қызмет атқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. Ол сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде айыппұлды төлеуі керек. Сонымен қатар, сот оны полиция майоры атағынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ және айыпталушы 15 күн ішінде шағымдануына болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети