12 наурыз 2021 12:04

6 көлікті ұрлап кетуге тырысқан: Нұр-Сұлтанда ұрылардың сәтсіз әрекеті видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда көлік ұрлауға тырысқандар ұсталды. Түнде бірнеше адам 6 көлікті ұрламақ болған. Бірақ, ол әрекеттері сәтсіз болған. Олар көліктердің бірін ұрламақ болған әрекет бейнебақылау камераларына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қалалық ПД баспасөз қызметі болған жағдайдың мән-жайын айтты. 


Нұр-Сұлтанда көлік ұрлауға тырысқандар ұсталды. Түнде бірнеше адам 6 көлікті ұрламақ болған. Бірақ, ол әрекеттері сәтсіз болған. Олар көліктердің бірін ұрламақ болған әрекет бейнебақылау камераларына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қалалық ПД баспасөз қызметі болған жағдайдың мән-жайын айтты. 

Ұрылардың сәтсіз әрекеті туралы зардап шеккендердің бірі арыз түсіргеннен кейін белгілі болды. Ол полицияға белгісіз адамдар көлік салонынан оның жеке заттарын ұрлап кеткенін айтқан. Кейін ұрлық жасаған бірнеше адам екені анықталды.

"Түн ортасында, Оңтүстік-Шығыс ауданда олар көлік ұрлауды жоспарлаған. Таңдауы ВАЗ, LADA және басқа маркалы ескі көлікке түскен. Бір түнде 6 көлікті ұрлауға тырысқандары анықталды. Бірақ, әрекеттері сәтсіз болған", - деді полиция өкілдері.

Көліктердің бірінің рульінде 23 жастағы жігіт болған. Бірақ, келесі көшеге жетпестен көліктің аккумуляторы бітіп қалған. Олар көп ойланбастан басқа көліктен аккумулятор алып келген. Алайда көлік сонда да жүрмеген.

Көлікті жүргізу әрекеттерінен түк шықпаған олар, ресейлік нөмір тағылған көлікті оталдыруға көшкен.

Барлық сәтсіз әрекеттерге қарамастан олар Volkswagen Golf көлігін ұрлап кеткен. Көлік кілті салонда болған. Сол көлікпен Нұр-Сұлтан орталығына дейін барған. Онда көлік оталмай қалып, итеруіне тура келеді. Сонымен қатар, Mercedes-Benz жүргізушісінен көмек сұраған сәт видеоға түсіп қалған.

Қазір бұл іс бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер Нұр-Сұлтан қаласында уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети