27 желтоқсан 2017 15:58

64 жастағы ер адам Астана вокзалына "жарылғыш зат" қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

27 желтоқсанда түнгі сағат 01.00 шамасында "112" пультіне белгісіз абоненттен Астана қаласы темір жол вокзалының ескі ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы телефон хабарлама келіп түсті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Оқиға орнына барлық төтенше әрекет ету қызметтері жедел түрде жетті. Ғимарат қоршауға алынып, темір жол вокзалы аумағынан 150-ге жуық адам оқшауландырылды, олардың 50-і темір жол вокзалының қызметкерлері болса, қалғаны жолаушы азаматтар. Оқиға орнын қарау барысында жарылғыш зат табылған жоқ", - делінген хабарламада. 

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы ("Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау") бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді.

Жедел-іздестіру шарасы барысында полиция қызметкерлері 64 жастағы ер азаматты ұстады. Ол бұрын сотты болған Астана қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Вокзал штаттық режимде жұмыс істеді, пойыздар тежелуі болған жоқ. 

Көлік полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 273 бабында терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау - алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети