18 желтоқсан 2019 14:14

9 жастағы қызды зорлады деген күдікті Ақтөбе облысында ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

9 жастағы қызды зорлады деген күдікті Ақтөбе облысында ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


9 жастағы қызды зорлады деген күдікті Ақтөбе облысында ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полицейлер 21 жастағы жігітті ұстаған. Ол бұрындары сотталмаған. 

"Ақтөбе облысының полицейлері 12 желтоқсанда кәмелетке толмаған қыз балаға жасалған ауыр қылмыстың бетін ашты. Осы іске арнайы жедел-тергеу тобы жұмылды, оны ІІМ криминалдық полиция департаменті басшысының орынбасары басқарды", - делінген полиция хабарламасында. 

Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі ("Зорлау, көрінеу жас балаға қатысты жасалған") және 121-бабы 4-бөлігі ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша жүріп жатыр. Осы баптар бойынша күдікті 17-ден 20 жылға дейін бас бостандығынан және белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылады. 

Осыған дейін, Ақтөбеде 9 жастағы қызды зорлады деген күдікті іздестіріліп жатқаны айтылды. Зорланған қызын әкесі өз үйінен тапқан. Бала үйінде жалғы болған уақытта, күдікті оның есікті ашуын көндіріп, үйге кірген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети