Qazaq Banki акционері Бақыт Ибрагим Германиядан экстрадицияланды

02 Маусым 2018, 10:30
0
Qazaq Banki акционері Бақыт Ибрагим Германиядан экстрадицияланды -

Бас прокуратура қызметкерлері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесе отырып, "Лидер Нефтепродукт KZ" ЖШС-ның директоры Бақыт Ибрагимді қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Германиядан экстрадициялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратураның мәліметтері бойынша, ол алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен "Bank RBK" АҚ-нан аса ірі көлемде ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен жымқырған деген күдік бар. 2013-2016 жылдар аралығындағы мерзімде жымқырылған қаражаттың жалпы көлемі 50 миллиард теңгені және 83 миллион АҚШ долларын құрайды.

"Қылмысты жасағаннан кейін, күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып қалған, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта Ибрагим Астана қаласының тергеу изоляторында", - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, 23 сәуірде Германияда Qazaq Banki акционері Бақыт Ибрагим ұсталды.

Осыған дейін 9 мамырда қазақстандық банкир Жомарт Ертаевтың Мәскеуде ұсталғаны хабарланған болатын. Ертаевтың Қазақстан ІІМ Интерполы Ұлттық орталық бюросының сұранысы бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айыппен халықаралық іздеуде болғаны айтылған еді. Екеуі - бір қылмыстық істің фигуранттары.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай