15 қараша 2018 11:20

WhatsApp-та тараған ролик: Полицейді ұрған ер адам кім?

ПОДЕЛИТЬСЯ

WhatsApp мессенджерінде таралып жатқан роликте полицеймен жанжалдасқан ер адамға қатысты қылмыстық іс негізсіз тоқтатылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.


WhatsApp мессенджерінде таралып жатқан роликте полицеймен жанжалдасқан ер адамға қатысты қылмыстық іс негізсіз тоқтатылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.

Сәдубаевтың айтуынша, заңбұзушының полицейге соққы жасағаны бейнеленген видеодағы оқиға Алматыда биыл қаңтарда болған.

"Алкоголь ішіп, қоғамдық орында мас күйде болғаны үшін ұсталған ер адам медициналық куәландыру үшін наркологияға жеткізілді, мұнда ол полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, олардың ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Осы дерек бойынша Медеу аудандық ІІБ ҚР Қылмыстық кодексінің 378 бабының 1-бөлігі бойынша соталды тргеу жүргізіліп, тергеу қылмыс құрамы жоқ деген себеппен негізсіз тоқтатылған. Қазіргі уақытта Алматы Полиция департаменті Медеу аудандық прокуратурасына бұл істі ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы бойынша қайта тергеу үшін қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күшін жоюға өтініш жолданды", - деді ІІМ ресми өкілі.

Сонымен қатар, қылмыстық істі негізсіз тоқтату дерегі бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. "Кінәлілер жауапқа тартылады", - деп хабарлады Алмас Сәдубаев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Но благодаря связям дело спустили на тормоза. _ @mvd.kaz ждём ответа! _ ????: от подписчика группы ????????

Публикация от Almaty | Алматы (@almatygggram)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети