18 наурыз 2017 10:52

Әблязов cырттай сотталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Әблязов Алматыда сырттай сотталатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әблязов Алматыда сырттай сотталатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БТА банкінен жеті миллиардтан аса қаражат жымқыру ісі бойынша сот отырысы басты фигурант Мұхтар Әблязовсыз өтеді. Себебі сот оның қазіргі уақытта қайда екенін білмейді. Мұхтар Әблязовтан басқа бұл іске БТА Банкі басқармасы төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Жарымбетов, БТА Банкінің несиелеу жөніндегі бұрынғы директоры Қайрат Садықов пен БТА Банкі басқармасының бұрынғы төрағасы Сәдуақас Мамеш қатысып жатыр.

"Мұхтар Әблязовқа, Жақсылық Жарымбетовқа, Қайрат Садықовқа және Сәдуақас Мамешке қатысты бас сот отырысы Алматыдағы Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта 2017 жылдың 3 сәуірінде сағат 10.00-де ашық тәртіпте өтіп, сот өндірісі орыс тілінде жүргізілсін", - деді Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Мартпек Кәкімжанов.

Әблязовтың адвокаты Анжелика Ажигулова да қорғалушысының қайда екенін білмейді екен.

Айта кетейік, істе 2 224 том бар, айыптау тізімінде 205 куәгер бар.

Осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі жымқырылған қаражаттың халықтың зейнетақы жинағы екені дәлелденген хабарлаған еді. "Тергеуден жымқырылған қаражаттың халықтың зейнетақы жинағы екені, Қазақстан азаматтарының жеке жинағы екені және шетелдік қаржы институттарының қарызы екені нақтылы анықталды", - делінген Ұлттық бюроның хабарламасында.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 2 ақпанында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы жауап алу үшін Мұхтар Әблязовті Астанаға шақырған болатын. "ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "БТА Банк" АҚ бұрынғы топ-менеджменті М.Қ.Әблязовқа, Ж.Д.Жарымбетовке және өзгелерге қатысты қылмыстық істің соталды тергеуін жалғастырып жатыр. Тергеу барысында Антикоррупция қызметі Әблязов пен оның сыбайластарының заңсыз әрекеттерінің қосымша дәлелдерін тапты. Банктен қаражатты жымқырудың жаңа нұсқалары ашылды. Анықталған деректер Әблязовтің қылмыстық ұйым құрып, оған басшылық еткен деген қосымша күдік келіп отыр. Оның ішінде бірқатар ұйымдасқан қылмыстық топ кіреді, топ Қазақстан территориясында да, шетелде де әрекет еткен", - делінген еді ведомство хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети