Әблязовтің балдызы Сырым Шалабаев Литвада ұсталды

29 Шілде 2015, 23:23
0
Әблязовтің балдызы Сырым Шалабаев Литвада ұсталды - Сырым Шалабаев. © interpol.int
Сырым Шалабаев. © interpol.int

Мұхтар Әблязовтің Интерпол іздеуіндегі балдызы Сырым Шалабаев Литвада ұсталды, - деп хабарлайды delfi.lt.

Басылымның мәліметінше, Сырым Шалабаев 28 шілдеде Вильнюсте ұсталған. Өзге мәліметтер әзірше хабарланбай отыр. 

Еске салайық, Сырым Шалабаевқа Украина билігінің сұранымы бойынша іздеу жарияланған болатын. Ол өзінің балдызы, БТА Банктің экс-басшысы Мұхтар Әблязовпен және тағы да басқа тұлғалармен бірге Қазақстанда, Украинада, Ресейде және тағы да басқа елдерде бірнеше миллиард доллар сомасында қаражатты иемденіп, жаратты деп айыпталып отыр. Украинада Сырым Шалабаев 300 миллион доллардың мүлкін жаратты және иемденді делінеді. 

Айта кетейік, 2011 жылы Сырым Шалабаевты сотқа құрметсіздік көрсеткені үшін Лондонның Жоғарғы соты 18 айға бас бостандығынан айыру туралы жаза кескен болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай