05 желтоқсан 2017 15:57

Адам ұрлау, бопсалау - "Ағайынды төртеу" ісінің мән-жайы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұрағаттағы сурет. © Лилия Беликова Мұрағаттағы сурет. © Лилия Беликова

Бүгін, 5 желтоқсанда Ақтөбе облысының мамандандырылған сотында "Ағайынды төртеу" атымен белгілі ұйымдасқан қылмыстық топтың ісіне қатысты алғашқы отырыс өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл топқа ақтөбелік Еркін Ізбасар басшылық еткен. 


Бүгін, 5 желтоқсанда Ақтөбе облысының мамандандырылған сотында "Ағайынды төртеу" атымен белгілі ұйымдасқан қылмыстық топтың ісіне қатысты алғашқы отырыс өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл топқа ақтөбелік Еркін Ізбасар басшылық еткен. 

Қылмыстық іс 257 томнан тұрады. Сот мәліметі бойынша, айыпталушылардың бір бөлігі бұрын істі болғандар, ал басым көпшілігінің орта білімі ғана бар. Отбасын құрған, әрқайсысы 2-ден бес балаға дейін тәриелеп отыр. Тоғыз адам ешқайда шықпау туралы хатқа қол қойған. 

Сот алдында 26 адам жауап беруде. Оның 14-не қатысты істі ҰҚКД, ал қалғандарына қатысты Ішкі істер министрлігінің тергеушілері жүргізді. Сот мәліметінше, 12 айыпталушы мұнай ұрлап, 39 миллион теңге шығын келтірген. 

Сот отырысы кезінде прокурор Елдар Әбиев айыптауды бір сағаттай уақыт оқыды. Оның айтуынша, 2003 жылы Еркін Ізбасар қылмыстық жоспар құрып, қаруланып, топқа "Ағайынды төртеу" деген ат қойған. Қылмыстық топ 2003 жылдан 2016 жылға дейін әрекет еткен. Олардың ісінің қатарында: қару сатып алу, адам ұрлау, бопсалау, қарулы шабуылдар, аса ірі көлемде мұнай мен мұнай өнімдерін ұрлау. Топ арасында бөлісті Еркін Ізбасардың өзі жүргізген, қатарға жаңа адамдарды тартып, оларды әскери әдіс пен қару қолдануды үйреткен делінеді.

Еске салайық, 20 қарашада Еркін Ізбасардың адвокаты тергеу абақтысына қамау түріндегі бұлтартпау шарасын жеңілдеу түріне ауыстыруды сұраған. Өйткені айыпталушы кемтар, арбаға таңылған адам бір жыл бойы серуенге шыға алмай, моншада жуына алмай жүргенін айтқан.

Сот ғимараты маңында арнайы жасақ күзетіп жүр. Журналистер сот процесін көрші бөлмеден видеобайланыс арқылы бақылап отыр. 

Еске сала кетейік, Еркін Ізбасар Ақтөбедегі мұнай базасының территориясында ірі арнайы операция жүрген күні Алматыда ұсталған болатын. Ұйымдасқан қылмыстық топтың лидерімен бірге оның оққағары мен жүргізушісі ұсталған еді. Ал кейінірек мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жетекшісі Ақтөбеге ҰҚК ұшағымен жеткізілген болатын. Ізбасаровдың аймақтағы жат ағымның жетегінде кеткен жігіттерді өз пайдасына жұмсап отырғаны белгілі болған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети