Адвокат: Ермегияев пара алды делінген айып дәлелденбеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Адвокат: Ермегияев пара алды делінген айып дәлелденбеді Талғат Ермегияев. © Тұрар Қазанғапов

Адвокат Ермегияевтің пара алғаны дәлелденбегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот хзалынан. "Астана ЭКСПО - 2017" ісі бойынша тараптарды қатар тыңдау басталды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Адвокат Ермегияевтің пара алғаны дәлелденбегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот хзалынан. "Астана ЭКСПО - 2017" ісі бойынша тараптарды қатар тыңдау басталды. 

"Істе бастысы жоқ: Ермегияевтің заңсыз бұйрықтары мен қаулылары немесе осы тақырыптағы әңгімелері жоқ. Біреу-міреуден қаражат алғаны жайлы дерек жоқ. (...) Сыбайластары арқылы Ермегияевке ақша жеткізілді делінген дерек те жоқ. Оның үстіне тергеу анықтамады делінген нақты сыбайлас та жоқ. Осындай жағдайда Ермегияевтің ісінде ҚР ҚК 311-бабының 1-бөлігі бойынша (Пара алу") (16.07.1997 жылғы редакцияда) кінәсінің бар екенін дәлелдейтін қылмыс құрамы жайлы айту - заңсыз", - деді сотқа Ермегияевтің адвокаты Галина Әлімғожина. 

"311 баптың позициясынан анықталған, жауап алынған және өзге дәлелдермен нақты көрсетпе беріп отырған сыбайлас қарастырылып отыр. Мұнда мәселе қылмыстың жасалғанының дәлелденгені туралы ғана болады. Осы жағдайда тергеуге тәуелді тұлғалардың жалған көрсетпелерінен басқа, осы істе дәлелдер жоқ. Ал ақша жеткізді делінген адамнан жауап алынғаны былай тұрсын, ол анықталмады да", - деді ұлттық компанияның экс-басшысының адвокаты.

Сотта Талғат Ермегияевтің мүддесін үш адвокат қорғап отыр: Галина Әлимғожина, Алла Котлова және Данияр Қанафин. 

Осыған дейін прокурорлар Талғат Ермегияевті 14 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Істің қалған фигуранттарына 3 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы сұралды.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети