"Ағайынды төртеу" қылмыстық тобының басшысы делінген Еркін Ізбасар ауруханаға ауыстырылды - адвокат

А?т?бедегі м?най ?рлау ісі бойынша к?дікті Еркін Ізбасар тергеу изоляторынан аурухана?а ауыстырылды. Б?л туралы Tengrinews.kz тілшісіне "А?айынды т?ртеу" ?ылмысты? тобыны? жетекшісіні? адвокаты Серік С?рсенов хабарлады.

Ақтөбедегі мұнай ұрлау ісі бойынша күдікті Еркін Ізбасар тергеу изоляторынан ауруханаға ауыстырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Ағайынды төртеу" қылмыстық тобының жетекшісінің адвокаты Серік Сәрсенов хабарлады.

"Ол теміржол ауруханасына жатқызылды. Тергеу изоляторында ешқандай да жағдай жоқ. Ол жүре алмайды. Әзірше, сонда болады", - деді адвокат Серік Сәрсенов.

Адвокаттың айтуынша, қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамалар жүргізіліп жатыр. Сараптама нәтижесі бойынша Еркін Ізбасар тергеу изоляторында бола ала ма, жоқ па - сол мәселе белгілі болады. Айта кетейік, "Ағайынды төртеу" қылмыстық тобының басшысы делінген 50 жастағы Ізбасар мүгедектер арбасына танылған. Адвокаттың айтуынша, ол - бірінші топтағы мүгедек.

Реклама
Реклама

"Сот-медициналық сарапшылар оның осындай науқас бола тұрып, әрі қарай тергеу изоляторында бола ала және ол онда қажетті медициналық көмекті ала, жоқ па осы сұрақтарға жауап беруі тиіс", - деп түсіндірді Серік Сәрсенов.

Еске салайық, Еркін Ізбасар Ақтөбедегі мұнай базасының территориясында ірі арнайы операция жүрген күні Алматыда ұсталған болатын. Ұйымдасқан қылмыстық топтың лидерімен бірге оның оққағары мен жүргізушісі ұсталған еді. Ал кеше мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жетекшісі Ақтөбеге ҰҚК ұшағымен жеткізілді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама