Ақтөбедегі мұнай ұрлығы: Ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы Алматыдан ұсталды

08 Желтоқсан 2016, 10:11
8
Ақтөбедегі мұнай ұрлығы: Ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы Алматыдан ұсталды -

Алматыда полицейлер "Төрт ағайынды" деп аталған қылмыстық топтың басшысы Еркін Ізбасарды ұстады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, Ақтөбедегі ұстау кезінде Алматыда да арнайы операция жүргізілген. Қылмыстық топтың басшысымен қоса оның оққағары мен жүргізушісі ұсталды.

Расталмаған мәліметтерге сүйенсек, Ізбасар мұнай ұрлаумен айналысқандарға басшылық еткен. Сондай-ақ, 7 желтоқсанда ұсталған қылмыстық топ мүшелерінің салафизм ұстанушылары екені айтылады. Олардың нақты қанша болғаны әзірше белгісіз. Телеарна мәліметінше, бұл қылмыстық істе шенеуніктердің де қатысы бар. (Дереккөз: КТК)

Еске сала кетейік, кеше, 7 желтоқсанда Ақтөбеде ірі арнайы операция жүргізілген болатын. Ал кейінірек Ақтөбедегі арнайы операцияның қорытындысы айтылды. Сөйтсек, арнайы операция кезінде мұнай ұрлады деген күдікпен қылмыстық топтың бірнеше мүшесі ұсталған. "7 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының және Ақтөбе облыстық ІІМ-мен бірлесе отырып, мұнай ұрлау және мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз саудасымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметінің жолын кесу бойынша ірі арнайы операцияны бастады. Жедел-іздестіру шараларының барысында мұнай ұрлауға қатысы бар деген күдіктілер ұсталды, мұнай мен мұнай өнімдері бар автоцистерналар тәркіленді", - деп хабарлады ҰҚК өкілдері.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (8)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай