Мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жетекшісі Ақтөбеге ҰҚК ұшағымен жеткізілді

08 Желтоқсан 2016, 21:52
9
Мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жетекшісі Ақтөбеге ҰҚК ұшағымен жеткізілді - © КТК телеарнасының кадры
© КТК телеарнасының кадры

Мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жетекшісі Еркін Ізбасаров Ақтөбеге жеткізілді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, "Ағайынды төртеу" деген лақап атпен танымал қылмыстық топтың мүшесі енді осы қалада тергейтін болды. Тергеу мәліметі бойынша, ол жат ағымның жетегінде кеткен жігіттерді қарақшылық үшін пайдаланған. Солардың бірі бүгін ұсталды. Сондай-ақ, қауіпсіздік комитетіндегілер Темір ауданындағы мұнай өндіретін зауыттарды тінтіп шығыпты.


© КТК кадрлары

Бүгін Ақтөбедегі халықаралық әуежай ғимаратының жанындағы қосалқы қақпа түстен кейін қоршауға алынды. Қадірлі қонақты күткендей сарбаздар ұшақ алаңында сап түзеп тұр. Дегенмен, әуе жолы арқылы лауазымды тұлғаны емес, еліміздегі "Ағайынды төртеу" деген лақап атпен танымал қылмыстық топтың жетекшісі 50 жастағы Еркін Ізбасаровты Алматыдан жеткізді. Ол үшін ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметінің ұшағын арнайы бөлген. Қара алтын ұрлаумен айналысқан қарақшылардың арбаға таңылған басшысы көп сөзге жоқ. Бет-жүзін жасырып әлек болған.


© КТК кадры

Еркін Ізбасаровпен бірге оның көлік жүргізушісі мен оққағары да қазір Ақтөбеде. Енді оларды мұнай ұрлығына қатысты осында тергейтін болады. Ізбасаровтің аймақтағы жат ағымның жетегінде кеткен жігіттерді өз пайдасына жұмсап отырғаны белгілі болып отыр. Салафизм ағымын ұстанған сыбайластарының бірі бүгін ұсталыпты.

Қылмыстық топ мүшелерін ұстау Темір ауданында жалғасты. Шұбарқұдық ауылында қара алтынды тасымалдаумен айналысқандардың бірі тұтқындалды. Ол да радикал діни көзқараста екен. Ұрланған мұнайдан түскен ақшаларын басшыларымен бөлісіп, қалғанын әсіредіншілерді қолдауға жұмсап отырған. Айта кетелік, операция өткен Темір ауданында жат ағымның жетегінде кеткендер азаймай отыр. Осыдан бес жыл бұрын радикалдар дәл осы ауданда бас көтерген болатын. Шұбарши ауылында экстремистер тәртіп сақшыларымен атысып, елді үрейде ұстаған еді. (Дереккөз: КТК)

Еске салайық, Еркін Ізбасар Ақтөбедегі мұнай базасының территориясында ірі арнайы операция жүрген күні Алматыда ұсталған болатын. Ұйымдасқан қылмыстық топтың лидерімен бірге оның оққағары мен жүргізушісі ұсталған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (9)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай