09 желтоқсан 2016 | 13:20

"Ағайынды төртеу" қылмыстық тобының жетекшісі ұсталғанға дейін Алматыдағы Конфедерация Кубогында көзге түскен

© Tengrinews.kz

"Ағайынды төртеу" деп аталған қылмыстық топтың басшысы Еркін Ізбасар мұнай ұрлығы бойынша ұсталмай тұрып, Алматыда өткен Конфедерация Кубогында жұрттың көзіне түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Ағайынды төртеу" деп аталған қылмыстық топтың басшысы Еркін Ізбасар мұнай ұрлығы бойынша ұсталмай тұрып, Алматыда өткен Конфедерация Кубогында жұрттың көзіне түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өткен жарыстардағы суреттерден Еркін Ізбасардың Ақтөбе облысынан қатысқан Думан Бөлтіріков есімді балуанның қасында отырғаны көрінеді. 

Реклама
Реклама


© Tengrinews.kz

Бұл суреттер 97 келіге дейінгі салмақта өткен күрестің жартылай финалынан кейін түсірілген. Жартылай финалға Шығыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарының балуандары қатысқан. Содан күресте Шығыс Қазақстан облысының спортшылары 4:2 есебімен жеңіске жеткен болатын. Сондай-ақ, Бөлтіріковтің Шығыс Қазақстаннан келген балуан Олег Болтиннен 10:12 есебімен жеңілгені белгілі болды.

Кейбір мәліметтерге сүйенсек, Еркін Ізбасар Конфедерация Кубогына қонақ ретінде келген. Айта кетейік, жартылай финал 3 желтоқсанда өткен болатын. Ал бірнеше күн өткен соң "Ағайынды төртеу" деп аталған қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды.

Еске салайық, Еркін Ізбасар Ақтөбедегі мұнай базасының территориясында ірі арнайы операция жүрген күні Алматыда ұсталған болатын. Ұйымдасқан қылмыстық топтың лидерімен бірге оның оққағары мен жүргізушісі ұсталған еді. Ал кеше мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жетекшісі Ақтөбеге ҰҚК ұшағымен жеткізілді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная