07 желтоқсан 2017 | 18:01

"Ағайынды төртеу" ісі: Еркін Ізбасар судьяның сұрағына 11 минут бойы жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ағайынды төртеу" атымен белгілі ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы делінген Еркін Ізбасар қылмыстық топ құрды деген айыппен келіспеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Ағайынды төртеу" атымен белгілі ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы делінген Еркін Ізбасар қылмыстық топ құрды деген айыппен келіспеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін, 7 желтоқсанда Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында "Ағайынды төртеу" ісіне қатысты сот отырысы өтіп, сотталушылардың жауап алынды.

Сот алдына 26 адам келді, олардың 22-сі қамауда. Бірінші боп Еркін Ізбасардан жауап алынды.

"Эпизод бойынша нені мойындайсыз?", - деп сұрады судья Ахметқали Молдағалиев сотталушыдан. 

"Ал журналистер қайда?", - деп жауап берді оған сотталушы залда операторлар мен фотографтардың жоқ екенін байқап.

Осыған дейін журналистердің сот процестеріне қатыса алмай жатқаны хабарланған болатын. БАҚ өкілдері сот отырысын басқа бөлмеде видеобақылау камерасы арқылы қарап отырады.

"Сіз кінәні мойындамайсыз ба?", - деп тағы сұрады судья. "Иә! Ойдан жасалған айыптаулар үшін отырмын. Ауырып жүргеніме 20 жылдан аса уақыт өтті. 13 рет ота жасаттым. 13 отаның төртеуін соңғы айда жасаттым", - деп жауап берді Еркін Ізбасар.

Айта кетейік, Еркін Ізбасардан жауап алынған кезде ол судьяны тыңдамай, тіпті оған өзінің сөзін бөлуге жол берген жоқ.

5 желтоқсанда Ақтөбе облысының мамандандырылған сотында "Ағайынды төртеу" атымен белгілі ұйымдасқан қылмыстық топтың ісіне қатысты алғашқы сот отырысы өткен болатын.

Ал 20 қарашада Еркін Ізбасардың адвокаты тергеу абақтысына қамау түріндегі бұлтартпау шарасын жеңілдеу түріне ауыстыруды сұраған. Өйткені айыпталушы кемтар, арбаға таңылған адам бір жыл бойы серуенге шыға алмай, моншада жуына алмай жүргенін айтқан еді.

Еске сала кетейік, Еркін Ізбасар Ақтөбедегі мұнай базасының территориясында ірі арнайы операция жүрген күні Алматыда ұсталған болатын. Ұйымдасқан қылмыстық топтың лидерімен бірге оның оққағары мен жүргізушісі ұсталған еді. Ал кейінірек мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жетекшісі Ақтөбеге ҰҚК ұшағымен жеткізілген болатын. Ізбасаровдың аймақтағы жат ағымның жетегінде кеткен жігіттерді өз пайдасына жұмсап отырғаны белгілі болған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети