04 шілде 2014 | 13:41

Агенттік басшысы Мұрат Оспанов қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұрат Оспанов. ©Pm.kz Мұрат Оспанов. ©Pm.kz

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов тұтқынға алынды", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов тұтқынға алынды", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шенеунікке табиғи монополиялар субъектісіне жәрдем беру және қалқан болу үшін 300 мың доллар көлемінде пара алды деген айып тағылып отыр. 3 шілде күні Астананың Алматы аудандық №2 cоты агенттік басшысын тұтқындауға санкция берді. Оспанов уақытша ұстау изоляторынан тергеу орталығына ауыстырылды.

Еске салайық, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов 1 шілдеде ұсталған болатын. Алғашқыда оның 200 мың доллар көлемінде пара алғаны хабарланды, бірақ кейін қаржы полициясы алынған пара көлемін нақтылады.

Мұрат Оспанов агенттік төрағасы болып 2012 жылдың қаңтарында тағайындалған еді. Оған дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары, облыс әкімі аппаратының жетекшісі, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу басқармасы бастығы және басқа да қызметтерді атқарды. 2002-2004 жылдары Семей қаласы әкімінің орынбасары болды.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети