02 шілде 2014 17:00

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы парамен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұрат Оспанов. ©Dailynews.kz Мұрат Оспанов. ©Dailynews.kz

Қаржы полициясы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспановты парамен ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экономикалық қылмысқа және сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"2014 жылы 1-шілдеде қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы М.Оспановты ұстады. Оған табиғи монополиялар субъектісіне көмек және қамқорлық жасағаны үшін 200 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдік тағылуда. Оспановқа қатысты аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды", - делінген ресми хабарламада. 

Мұрат Оспанов агенттік төрағасы болып 2012 жылдың қаңтарында тағайындалған еді. Оған дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары, облыс әкімі аппаратының жетекшісі, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу басқармасы бастығы және басқа да қызметтерді атқарды. 2002-2004 жылдары Семей қаласы әкімінің орынбасары болды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети