Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовтің ісі бойынша сотталушылар өздерінің бұлтартпау шарасын өзгертіп, қамаудан босатуды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовтің ісі бойынша сотталушылар өздерінің бұлтартпау шарасын өзгертіп, қамаудан босатуды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.
Қарағандының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Исламхан Есенбаев қорғаушылардың сөзін тыңдады. Экс-премьердің адвокаттарынан кейін процесске қатысып отырған заңгерлер де өз қорғауындағылардың кінәлі емес екенін мәлімдеді. Нақтырақ айтсақ, Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Ғабит Мұхамбетовтың әрекетінде қылмыс құрамының жоқ екендігі мәлім болды. ҚР премьер-министрдің кеңесінің бұрынғы жетекшісі Ғабит Матаевтың адвокаты өз клиентінің кінәлі екендігіне дәлелдің жоқтығын айтты.
Алматы кәсіпкері Думан Нұрбаевтың адвокаты болса өз клиентінің өкінетініне және тергеуге көмек көрсетуіне байланысты оған қатысты қылмыстық қудалауды доғаруды сұрады. Осындай өтінішті "Металлургия-Металлообработка" индустриалдық паркінің бұрынғы директоры Болатбек Ысқақовтың және Rufera Tecnoagro испан компаниясының Орталық Азия елдеріндегі саудасы жөніндегі директоры Камилла Пірәлиеваның адвокаттары берді. Айта кетейік, Пірәлиева сот тыңдауына алты айлық сәбиімен бірге келіп жүр, себебі сот оны Қарағандыдағы жалдамалы пәтеріне қамауға алу туралы қаулыны санкциялады. Ол болса тұрғылықты мекен-жайы бойынша Астанада тіркелген, Жамбыл облысында тұратын ата-анасы оның үш жасар баласын бағып отыр. Қыздың туыстары оның бұлтартпау шарасын кепілдік арқылы босату түріне өзгерту үшін қаражат беруге дайын. Алайда, адвокаттарының айтуынша, Пірәлиеваға қатысты қылмыстық қудалауды оның өкінетініне және тергеуге белсенді түрде көмек көрсететіндігі үшін тіпті де алып тастау керек.
Бұлтартпау шарасын өзгертуді Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевтің, Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұловтың және қалалық жер бөлімінің бұрынғы басшысы Ернар Дайырбековтың адвокаттары да сұрады.
Қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің бұрынғы басшысы Айдос Жәкеновтің қорғаушысы тергеудің бір дерек бойынша екі бірдей істің қозғалғанын атады - мемлекеттік сатып алулар бойынша Серік Ахметовтің бауырының және баласының "Стальцинк" деген фирмасы арқылы жарық тіреуіштерін орнату эпизоды. Оның айтуынша, қамауға алу оқиғаларынан бір жыл бұрын қаржы полициясының қызметкерлері оның қорғауындағы сотталушының және істің өзге фигуранттарының әрекеттерінен қылмыс құрамын таппады, сондықтан қылмыстық іс қозғалмады. Адвокат өз сөзінде процессуалдық ережебұзушылықты жою үшін істі прокуратураға қайтаруды сұрады. Өтініштерді тыңдаған судья 16.00-ге дейін үзіліс жариялады.
Осыған дейін Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов пен істің өзге фигуранттарының адвокаттары істе қылмыс құрамының және өз қорғауындағыларға тағылып отырған айыптың дәлелі жоқ екенін мәлімдеген болатын. Заңгерлер тағылған айыптардан шығын келтіру және кепілдендірілген мүліктің құнын арттыру эпизодтарын алып тастауды сұрады. Қорғаушы тараптың ойынша, қазір "Топарские теплицы" ЖШС-ның мүлкі - 2 миллиард теңгеге, ал "Қазагро" мүлкі 1,1 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Сондықтан, қорғаушы тарап мемлекетке шығын келмегендіктен, қылмыс құрамы да болған жоқ деп отыр.