Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Серік Ахметовті қорғаушы тарап істе қылмыс құрамының жоқ екенін мәлімдеді

28 Шілде 2015, 12:54
3
Серік Ахметов. © Tengrinews.kz
Серік Ахметов. © Tengrinews.kz

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов пен істің өзге фигуранттарының адвокаттары істе қылмыс құрамының және өз қорғауындағыларға тағылып отырған айыптың дәлелі жоқ екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заңгерлер тағылған айыптардан шығын келтіру және кепілдендірілген мүліктің құнын арттыру эпизодтарын алып тастауды сұрады. Қорғаушы тараптың ойынша, қазір "Топарские теплицы" ЖШС-ның мүлкі - 2 миллиард теңгеге, ал "Қазагро" мүлкі 1,1 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Сондықтан, қорғаушы тарап мемлекетке шығын келмегендіктен, қылмыс құрамы да болған жоқ деп отыр. 

Өз кезегінде Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевтің адвокаттары оған қолданылған бұлтартпау шарасын өзгертуді сұрады, себебі олар айыпталушыны бұдан әрі қамауда ұстауға негіз жоқ деп есептейді. Прокурорлардың сөзіне қарағанда, өтінішті куәгерлердің барлығынан түсінік алынып, іс материалдары толық зерттелгеннен кейін ғана қанағаттандыру мүмкін болады.

Айта кетейік, Қазақстанның бұрынғы министрі Серік Ахметовке жемқорлық мәндегі алты қылмыс бойынша ресми түрде айып тағылған болатын, олардың қатарында аса ірі көлемде пара алды (тергеудің тұжырымынша, 2 миллион 400 мың доллар - Авт.), аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды, лауазымын асыра пайдаланды және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласты деген айыптар бар.

Серік Ахметов 2014 жылы қарашада қамауға алынды. Оған қатысты үй қамауына алу бұлтарпау шарасы қолданылды.

Сонымен қатар, Серік Ахметовтің ағасы келтірілген шығынның өтемі ретінде мемлекетке 430 миллион теңгені (2,29 миллион доллар) қайтарғаны белгілі. Алайда Ахметовтің өзі де, іс бойынша куәгер болған ағасы да мемлекетке шығын келгенін мойындамады. Ахметовтің мемлекетке келтірген шығынының жалпы сомасы, тергеу тұжырымы бойынша, 1,2 миллиард теңгеге (6,4 миллион доллар) тең.

 

Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай