02 қараша 2016 | 12:37

Ақжарқын Тұрлыбайдың видеоүндеуі: "Барлығыңызға алғыс айтамын және жақсылық болады деп сенемін"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда есірткі тасымалдаумен айналысты деп айыпталған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот отырысы өтті. Қазақстандық қыздың сот отырысынан кейінгі видеоүндеуін "Хабар 24" телеарнасы жариялады.


Иконка комментария блок соц сети

Қытайда есірткі тасымалдаумен айналысты деп айыпталған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот отырысы өтті. Қазақстандық қыздың сот отырысынан кейінгі видеоүндеуін "Хабар 24" телеарнасы жариялады.

Видеода Ақжарқын Тұрлыбай көз жасын тыя алмай тұр. Қыз оған қолдау білдіргендердің барлығына алғысын айтып отыр.

"Мен сіздердің барлықтарыңызға - елшіліктегілерге алғыс айтамын. Әділдік орнап, барлығы жақсы болады деп сенемін. (...) Туыстарымнан мені кешіруін және маған сенуін сұраймын. Көрсеткен қолдауларыңызға рақмет", - деді қазақстандық қыз.

Ал Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Сұнқар Нұрмағамбетов соттың кеңес бөлмесіне шығып кеткенін айтты. Өз кезегінде сотталушы қыздың анасы Зухра Сейтімова Tengrinews.kz тілшісіне істің әділ аяқталатынына сенетінін айтты.

Айта кетейік, осыған дейін Қытайдағы ҚР елшісі Ақжарқын Тұрлыбайдың елге қайтарылуына қол жеткізуге тырысатынын айтқан болатын. "Қытайда есірткі тасымалдады деп айыпталған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қайтадан болатын сот процесі 2 қарашаға бекітілген. Оны экстрадициялау үшін, сот үкімі шығуы тиіс. Сот шешімінсіз экстрадиция мүмкін емес. Осыдан кейін оны Қазақстанға қайтарылуы үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз, үміт бар", - деп түсіндірді Шахрат Нұрышев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Еске салайық, 20 жастағы азаматша Ақжарқын Тұрлыбай есірткі заттарын тасымалдады деген күдікпен ұсталған болатын. Ол 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында ұсталды, ол Малайзияға ұшып кетпекші болған. Қыздың жүгінде есірткі заттары табылды. Осыған дейін, оған атысты сот үкімі шыққан болатын. Гуанчжоу соты қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты үкім шығарды. Сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды. "Біздің тарап Гуанчжоу сотының шешімімен келіспейді. Апелляциялық инстанцияға үкімге шағым келтіреміз, оның қорытындысын қызығушылық танытқан адамдар біле алады", - деп хабарлады адвокат.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети