04 ақпан 2020 00:18

Әкімдік маңында қызды ұрып-соғып, сөмкесін тартып алмақ болған қарағандылық ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызға шабуыл жасалған сәт, Теміртау. Видео кадры Қызға шабуыл жасалған сәт, Теміртау. Видео кадры

Теміртауда әкімдік маңында қызға шабуыл жасаған күдікті ұсталды. Ол қаланың 40 жастағы тұрғыны болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Теміртауда әкімдік маңында қызға шабуыл жасаған күдікті ұсталды. Ол қаланың 40 жастағы тұрғыны болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Теміртау полицейлері күдіктіні анықтап, ұстаған. Ол өз кінәсін мойындап, қызды тонап кетпек болғанын айтқан. Оқиға 23 қаңтарда болған. Шабуыл видеоға түсірілген.

"Полиция қызметкерлері ер адамның қызға шабуыл жасап, сөмкесін тартып алмақ болғаны түсірілген видеоны тексерді. Әлеуметтік желілерге бақылау жүргізген полицейлер 33 жастағы жәбірленушіні анықтады. Ол полицияға арыз жазып, Старогород полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің "Тонауға оқталу" бабы бойынша соталды тергеуді бастады. Жүргізілген шаралар мен видеобақылау камерасындағы видеоны тексере келе полицейлер қаланың 40 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол ісін мойындады, жәбірленуші оны таныды", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ekaraganda.kz Караганда (@ekaraganda.kz)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети