27 сәуір 2017 23:42

"Әкімдіктің қызметкері" жол апатында зардап шеккендерді "крышасымен" қорқытты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізуші мен жолаушысы отырған Volkswagen көлігі қырық минут бойы қашып жүрген. Оларды зардап шеккен көліктің жүргізушісі қуған. Алматыдан Талғарға дейін қашып барған Volkswagen көлігі жолда тағы екі жол апатын жасаған. Ал ұсталған кезінде жолаушы орнында отырған қыз Алматы облысындағы аудандық әкімдікте жұмыс істейтінін айтып, зардап шеккендерді "крышам" бар деп қорқытқан. Бұл оқиғаның видеосын patrul.kz сайты жариялады.

"Мәселені оңайлықпен шешейік дедім. Іс сотқа дейін барса, ештеңе шешілмейді. Мен де ештеңе бермеймін. Біздің заң осындай", - дейді қыз видеода. 

Ал зардап шеккендердің мемлекеттік қызметшінің әдебін еске салғанына қыз былапыт сөзбен жауап қайырған. 

"Ой, б..., басқа табыс көзім жоқ дейсіздер ме? Әрқайсымыздың "крышамыз" бар. Барлығыңыз осыны түсінуіңіз керек. Ал өлгенде ғана әрекетіміз үшін жауап береміз", - деп мәлімдеді қыз. 

Кейін жол апатына себепкер болған жүргізушінің қан құрамында 1,48 мөлшерінде алкоголь болған. Алайда ер адам куәландыру актіне қол қоюдан бас тартқан. Оның көлігі айып тұрағына қойылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети