Ақмола облысында аудан әкімі мен оның орынбасары ұсталды

18 Қаңтар, 17:31
0
Ақмола облысында аудан әкімі мен оның орынбасары ұсталды - © Tengrinews.kz фотоколлаж
© Tengrinews.kz фотоколлаж

Ақмола облысындағы Зеренді ауданының әкімі мен оның орынбасары сыбайлас жемқорлық күдігіне ілігіп, ұсталды. Бұл туралы мәліметті Tengrinews.kz тілшісіне Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінің өкілдері растады. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының қызметкерлері аудан әкімі Мереке Мұстафинді және оның орынбасары Ықылас Мұқашевті 17 қаңтарда ұстады. 

Ведомство өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр екен. Басқа да мәліметтер тергеу құпиялылығына байланысты жарияланбайды. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай