20 желтоқсан 2022 08:47

Ақмола облысында әйелі мен баласын ұрып-соққан ер адам өзіне қол жұмсады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысы Есіл ауданында ер адам әйелі мен баласын соққыға жығып, кейін өзі атылып өлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Ақмола облысы Есіл ауданында ер адам әйелі мен баласын соққыға жығып, кейін өзі атылып өлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға 14 желтоқсанда болған. Аудандық полиция бөліміне 60 жастағы ауыл тұрғыны басына оқ атып, суицид жасағаны туралы ақпарат келіп түскен. Жедел-тергеу тобы алдын ала оқиға болған күні марқұм алдымен жұбайының басын жарақаттап, оны тоқтатпақ болған 20 жастағы ұлына дене жарақатын салғанын анықтаған.

Оқиға туралы полицияға көршісі хабарлаған. Ол куәгер болған. Полиция қызметкерлері келгенге дейін ер адам өз-өзіне қол жұмсап, басына оқ атқан. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 1-бөлігі бойынша (Қылмысқа оқталу және адам өлтіру) және 105-бабы 1-бөлігі бойынша (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Тергеп-тексеру барысында оқ атылған тегіс ұңғылы аңшылық мылтықтың ІІО-да тіркелгені анықталды. Жұбайының айтуынша, оқиға болған күні күйеуі екеуінің арасында ешқандай жанжал болмаған. Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети