23 шілде 2019 14:05

Ақмола облысында браконьерлер инспекторларға оқ атқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Охотзоопром" инспекторлары ақбөкендерді атқан браконьерлерді қуып, салдарынан жарақаттанды. Зардап шеккендердің бірі ауыр жағдайда жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

23 шілдеде шамамен 11:00-де Ақмола бекініс пунктінің "Охотзоопром ӨБ" РМҚК орталық аймақтық филиалының инспекторлары табиғат қорғау заңнамасын бұзғандарды анықтау мен бұлтартпау шараларын өткізу барысында Ақмола облысы Жарқайың ауданының аймағында ақбөкен ату дерегі тіркеген. 

Екі инспектор браконьерлердің соңынан қуып кеткен. "Нива" автокөлігінің мемлекеттік нөмірін анықтау мүмкін болмаған. Нөмірдің Қостанай облысынан екені ғана анықталды. 

"Қашу барысында "Нива" көлігінен браконьерлер оқ атқан, салдарынан екі инспектор жарақат алды. Олардың бірі қазір ес-түссіз ауыр жағдайда жатыр, ал екіншісінің жағдайы - ауырлықтың орташа деңгейінде", - дейді баспасөз қызметіндегілер. 

Қазіргі уақытта инспекторларды Державинкс қалалық ауруханасына алып бара жатыр, сол жаққа санавиация шақырылған. 

Ақмола облысы Жарқайың ауданының ішкі істер органдары күдіктілерді іздеп жатыр, ұстау жоспары құрылған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети