11 қыркүйек 2021 16:13

Ақмола облысында жаппай төбелес болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: pexels.com Иллюстрациялық фото: pexels.com

Жаппай төбелеске қатысушыларды оқиға орнында полиция ұстады. Бұл туралы Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жаппай төбелеске қатысушыларды оқиға орнында полиция ұстады. Бұл туралы Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төбелес 8 қыркүйекте сағат шамамен 02.51-де болған. 102 пультіне Көкшетаудың ойын-сауық мекемелерінің бірінің маңында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түскен. 

Оқиға орнына патрульдік полиция экипаждары мен жедел-тергеу тобы жіберілді.

Полиция ойын-сауық мекемесінде төбелес шығарғандар 19-23 жастағы жігіттер екенін анықтады. Олардың біреуі мас күйде басқа жастардың тобына барып, жанжалдасқан.

"Жанжалға қатысушылар қылмыс орнында ұсталды. Полицияға бұзақылық жасады деген күдікпен төрт адам жеткізілді, олардың ішіндегі басты күдікті облыс орталығының тұрғыны, 2001 жылғы жігіт бұзақылық үшін бұрын қылмыстық жауапқа тартылған", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармақшасы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети