Ақмола облысында судьяны өлтірді деген күдікті ауыр қылмыс жасағаны үшін төрт рет сотты болған

20 Маусым 2017, 16:38
0
Ақмола облысында судьяны өлтірді деген күдікті ауыр қылмыс жасағаны үшін төрт рет сотты болған - Жанна Бердіқұлова.
Жанна Бердіқұлова.

Жанна Бердіқұлованы өлтірді деген күдікті осыған дейін ауыр қылмыс жасап, мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шыққан. Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өкілдерінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында күдікті Медет Әбдірахмановтың төрт рет сотты болғаны айтылады. Ол бірнеше рет қарақшылық жасағаны үшін, зорлау, сексуалдық мәндегі зорлық әрекеттері үшін және қасақана адам өлтіргені үшін сотталған.

Медет Әбдірахмановтың 2016 жылы жасаған кісі өлтіру дерегі үшін ЕЦ 166/18 мекемесінде жазасын өтей жүріп, Степногорск қалалық сотына шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш білдіргені белгілі болды. Алайда соттың 2016 жылдың 11 қаңтарында шығарған үкіміне байланысты оның бұл өтініші қанағаттандырылған жоқ. Бірақ 2016 жылдың 19 наурызында Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа сотының үкімімен ол мерзімінен бұрын шартты түрде 4 жыл 3 ай уақытқа ерте бостандыққа шықты.

"Қазіргі уақытта күдікті Медет Әбдірахманов Көкшетау қалалық сотының шешімімен екі айға қамауға алынды - 13 маусым - 13 тамыз аралығы", - деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Күләш Домалақова.

Еске сала кетейік, Ақмола облысында сот төрайымы 14 маусымда өлі табылған еді. Жедел шаралар барысында күдікті ретінде Көкшетау қаласының 1985 жылы туған ер адам ұсталған болатын.

Ал кейінірек сот төрайымын өлтірді деген күдікті қылмысын мойындады. Ақмола облыстық ІІД өкілдері кезекші бөлімге 1971 жылғы әйелдің мәйіті өз үйінің жуыну бөлмесінен табылғаны жайлы хабар түскен. Сараптама қорытындысы бойынша, оны қылғындырып өлтірген. Жедел-іздестіру шараларының барысында осы қылмысты жасады деген көкшетаулық ұсталған. Ол 1984 жылғы, аса ауыр қылмысы үшін сотты болған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай