Ақмола облысында өлтірілген судьяның ісіне қатысты жаңа деректер пайда болды

29 Қыркүйек 2017, 09:20
0
Ақмола облысында өлтірілген судьяның ісіне қатысты жаңа деректер пайда болды - Жанна Бардіқұлова.
Жанна Бардіқұлова.

Ақмола облыстық сотының судьясы Жанна Бердіқұлованы өлтірді делінген күдіктіге қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облыстық прокуратурасы биыл 26 қыркүйекте қылмыстық істі Мамандандырылған ауданаралық сотқа жолдады.

"Қылмысты ауырлататын мән-жайлардан басқа айыпталушыға жеке мүлікті және зардап шеккен әйелдің қызметтік куәлігін тонап кетті деген айып тағылды", - деді Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, 46 жастағы Жанна Бердіқұлова биыл 14 маусымда өлі табылған еді. Жедел шаралар барысында күдікті ретінде Көкшетау қаласының 1985 жылы туған ер адам ұсталған болатын.

Ал кейінірек сот төрайымын өлтірді деген күдікті қылмысын мойындады. Ақмола облыстық ІІД өкілдері кезекші бөлімге 1971 жылғы әйелдің мәйіті өз үйінің жуыну бөлмесінен табылғаны жайлы хабар түскен. Сараптама қорытындысы бойынша, оны қылғындырып өлтірген. Жедел-іздестіру шараларының барысында осы қылмысты жасады деген көкшетаулық ұсталған. Ол 1984 жылғы, аса ауыр қылмысы үшін сотты болған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай