10 наурыз 2022 11:48

Ақпанда миллион долларға жуық ақша Қазақстаннан шығарылмақ болған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Ақпанда декларацияда көрсетілмеген 995 410 доллар қолма-қол ақшаны Қазақстаннан алып шықпақ болғандар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.


Ақпанда декларацияда көрсетілмеген 995 410 доллар қолма-қол ақшаны Қазақстаннан алып шықпақ болғандар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

2022 жылдың тек ақпанында "Жетісу", "Әуежай-Астана", "Әуежай-Ақтөбе", "Қазығұрт", "Әуежай-Шымкент", "Әуежай-Актау" кеден бекеттерінде декларацияланбаған қолма-қол ақша қаражаттарын шығарудың 51 дерегі анықталған. Декларацияланбаған қолма-қол ақша қаражаттарының сомасы - 995 410 доллар.

Ведомство мәліметінше, 2022 жылғы ақпанда ҚР ӘҚБтК-нің 551-бабы 3-бөлігі ("Тауарларды, қолма-қол ақша қаражатын, ақша құралдарын декларацияламау немесе анық емес кедендік декларациялау, кедендік құжаттарда мәліметтерді анық емес мәлімдеу") бойынша 50 әкімшілік материал жасалған, осы заңбұзушылықтар бойынша айыппұл сомасы - 1 531 500 теңге.

Алматыда 2022 жылғы ақпанда жеке тұлғаларға 37 әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар жасалған және қылмыстық құқық бұзу сипатындағы 1 дерек анықталған. Күдіктілер 298 миллион теңгеден аса, нақты айтқанда 688 262 АҚШ долларын декларацияламастан алып өтпек болған, айыппұлы - 1 133 310 теңге.

4 ақпанда Алматы қаласының халықаралық әуежайында "Жетісу" кеден бекетінің қызметкерлері "Алматы-Ыстамбұл" әуе рейсімен ұшуға бағытталған ҚР азаматын тоқтатқан. Ұстау кезінде 97 000 доллар сомасында декларацияланбаған ақша қаражаты анықталған. Материал одан ары тергеу үшін Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне берілді.

Ал 11 ақпанда елорда әуежайында 32 мың долларды заңсыз әкетпек болған азамат тоқтатылды, 22 ақпанда ер адам 43 мың доллар ақшаны алып Дубайға ұшпақ болған. Ақтау және Шымкент әуежайларында бірнеше жағдай анықталған.

Мемлекеттік кірістер комитеті "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 343-бабы 1-тармағының 7-тармақшасында қолма-қол ақша қаражаты кедендік декларациялауға жататынын еске салды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети