05 тамыз 2014 | 18:01

"Ақсай қырғыны" құрбанының жесірі саябақ басшылығын жазалауды сұрайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Іле Алатауы саябағының кіреберісі. ©tengrinews.kz Іле Алатауы саябағының кіреберісі. ©tengrinews.kz

Іле Алатауы ұлттық саябағының 2012 жылдың жазында қайтыс болған орманшысының жесірі қорықтың лауазымды тұлғаларын жазалауды сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, "Ақсай қырғыны" кезінде 13 адамның өмірі қиылған болатын.


Иконка комментария блок соц сети

Іле Алатауы ұлттық саябағының 2012 жылдың жазында қайтыс болған орманшысының жесірі қорықтың лауазымды тұлғаларын жазалауды сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, "Ақсай қырғыны" кезінде 13 адамның өмірі қиылған болатын.

Игорь Захаропулоның әйелі Алматы облысы Қарасай аудандық прокуратурасына шағымданғалы отыр. Ольга Захаропулоның пікірінше, қайғылы оқиғаның бір себебі - ұлттық саябақ лауазымды тұлғаларының әрекетсіздігі. Оның айтуынша, "Ақсай қырғыны" кезінде кордонда орманшы Алексей Шкилев болмады, оның міндетін Яша есімді үй-күйі жоқ адам орындады. Ольганың айтуынша, ұлттық саябақ шлагбаумын ашқан - сол, соның кесірінен саябақ аумағына қылмыскерлер кіріп кетті.

"Егер ең болмағанда бір ай ішінде төңіректі тінтіп шыққан кезде террористердің әйелдері тұрған шатырды тауып алуға болар еді. Оқиға куәгерлері шатырдың орманшының үйшігінен-ақ көрініп тұрғанын айтты. Сонда қызметкерлер шлагбаумды қараусыз қалдырған болып шықты. Мен жуырда алған ҚР Бас прокуратурасының қаулысында террористердің ешқайда кетуге әрекеттенбегені, олардың үй тұрғызып, әйел-балаларын әкелгені айтылады, олардың барлығы 17 адам болған", - дейді орманшының әйелі.

Оның пікірінше, Шкилев саябақ басшылығына аумаққа машина кіргенін хабарлауы тиіс еді. Яша Шкилевке бұл туралы айтқан. "Шкилев төрт күнге емделуге кетіп қалды, бұл күндері кордон күзетілмеді. Саяжай иелері Ақсай шатқалынан жеті қарулы адамды көріп, полиция шақыртқан. Олар басқа кордонға, Панайот Захаропулоның кордонына барды. Олар жақын маңдағы басқа да кордондарды қарауы тиіс еді. Арнайы жасақ та, саябақ жетекшілері де бұдан артық ешқандай әрекетке бармаған", - дейді орманшының жесірі.

Ольга Захаропулоның айтуынша, егер қолдарында қаруы болғанда, орманшылардың өзі-ақ қайғылы оқиғаның алдын алар ма еді. Жесір Панайот пен Игорь Захаропулолардың қолында табельдік қару болмағанына прокуратураның назар аударғанын қалайды. 

Еске сала кетейік, "Ақсай қырғыны" 2012 жылдың 13 тамызында болған еді. Шатқалдан 12 адамның мәйіті табылды. Игорь Захаропулоның қайда кеткені беймәлім болды, кейін сот оны марқұм деп таныды. Арнайы жасақ қызметкерлері Бағанашылдағы операция кезінде күдіктілердің көбінің көзін жойды. Лаңкестердің бірі - Саян Хайыров Қырғызстан аумағынан ұсталды. Сот оны 11 жылға бас бостандығынан айырды. Екінші күдікті Зәуірбек Ботабаев іздеуде жүр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети