Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 324.98
EUR / KZT - 378.34
CNY / KZT - 48.01
RUB / KZT - 5.53

Сот Хайыровқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды

27 Қаңтар 2014, 14:05
0
Саян Хайыров. ©Роза Есенқұлова
Саян Хайыров. ©Роза Есенқұлова
Судья Лұқмат Мерекенов. ©Айжан Түгелбаева
Судья Лұқмат Мерекенов. ©Айжан Түгелбаева
Алматы қалалық соты Саян Хайыровқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Үкімді судья Лұқмат Мерекенов оқыды. Адвокат Жандос Бұлқайыр бұдан кейін қалай әрекет ететінін Хайыровтың өзімен және оның туысқандарымен ақылдасып барып, шешетінін айтты.

Саян Хайыров бірнеше қылмысты жасағаны, соның ішінде, Іле Алатауы ұлттық саябағындағы жаппай кісі өліміне қатысы бар лаңкестік топқа мүше болғаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол "Адам ұрлау", "Террорлық топ қызметіне немесе ол жасаған терроризм актісіне қатысу" "Алдын ала сөз байласу арқылы топ болып немесе бірнеше мәрте атыс қаруларын, оқ-дәріні, қару-жарақты немесе жарылғыш заттарды ұрлау, оларды заңсыз алып жүру, ұстау, жасау немесе өткізу, атыс қаруларын ұқыпсыз ұстау", "Атыс қаруларын немесе оның құрамдас бөліктерін, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды заңсыз әзірлеу" және "Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесу" баптары бойынша айыпты деп танылды.

Еске салайық, 2012 жылы Іле Алатауы ұлттық саябағының Ақсай шатқалында жаппай кісі өлімі болған еді. Кейін осы оқиғаға қатысы бар лаңкестік топтың мүшелері Алматы облысының Бағанашыл, Таусамалы елді мекендері аумағында арнайы операция барысында жойылды. Операциялардың бірінде Хайыровтың ұлы қаза тапты. Оның өзі Қырғызстан аумағында қолға түсті. Екінші күдікті Зәуірбек Ботабаев әлі күнге дейін табылған жоқ.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай