Полиция Іле Алатауы ұлттық саябағында кісі қолынан өлген орманшы жесірінің шағымы бойынша тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ольга Захаропулоның пікірінше, 13 адамның өмірі қиылған "Ақсай қырғыны" саябақ басшылығының салғырттығынан болды.
Полиция Іле Алатауы ұлттық саябағында кісі қолынан өлген орманшы жесірінің шағымы бойынша тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ольга Захаропулоның пікірінше, 13 адамның өмірі қиылған "Ақсай қырғыны" саябақ басшылығының салғырттығынан болды.
Игорь Захаропулоның жесірі Қаскелең прокуратурасына тамыз айында шағымданды. Оның айтуынша, құжат бірнеше инстанциядан өтті - Алматы прокуратурасы, Алматы облысы прокуратурасы және қалалық, облыстық ІІД. Соңында оны оңтүстік аймағы бойынша Алматы облыстық ІІД қарап, тергеуді бастады. Тергеудің 29 қараша күні аяқталатыны айтылды.
Ольга Захаропуло өз хатында "Ақсай қырғыны" кезінде кордонда орманшы Алексей Шкилевтің болмағанын, ал оның міндетін Яша есімді үй-күйі жоқ адам орындағанын жазады. Ольганың айтуынша, ұлттық саябақ шлагбаумын ашқан - сол, соның кесірінен саябақ аумағына қылмыскерлер кіріп кетті.
Орманшының әйелі егер саябақ басшылығы ең болмағанда бір ай ішінде төңіректі тінтіп шыққан кезде террористердің әйелдері тұрған шатырды тауып алуға болар еді деп есептейді. Оның пікірінше, орманшы саябақ басшылығына аумаққа машина кіргенін хабарлауы тиіс еді. Оған қоса, егер қолдарында қаруы болғанда, орманшылардың өзі-ақ қайғылы оқиғаның алдын алар ма еді. Жесір Панайот пен Игорь Захаропулолардың қолында табельдік қару болмағанына прокуратураның назар аударғанын қалайды.
Еске сала кетейік, "Ақсай қырғыны" 2012 жылдың 13 тамызында болған еді. Шатқалдан 12 адамның мәйіті табылды. Бір орманшы - Игорь Захаропулоның қайда кеткені беймәлім болды, кейін сот оны марқұм деп таныды. Арнайы жасақ қызметкерлері Бағанашылдағы операция кезінде күдіктілердің көбінің көзін жойды. Лаңкестердің бірі - Саян Хайыров Қырғызстан аумағынан ұсталды. Сот оны 11 жылға бас бостандығынан айырды.