02 қараша 2021 | 15:01

АҚШ-та өмір бойына бас бостандығынан айырылған миллионер тағы да кісі өлтірді деп айыпталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Бұрын өмір бойына бас бостандығынан айырылған америкалық миллионер Роберт Дерстке бірінші әйелін өлтірді деген айып тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бұрын өмір бойына бас бостандығынан айырылған америкалық миллионер Роберт Дерстке бірінші әйелін өлтірді деген айып тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

Нью-Йорктегі Вестчестер округтік прокурорының кеңсесінде жылжымайтын мүлік империясының мұрагері Дерстке 1982 жылы қаңтарда Оңтүстік Салемде бірінші әйелі Кэтлин Дерстті өлтірді деген айып тағылды. 2017 жылы ресми түрде қайтыс болды деп танылған әйелдің мәйіті табылмаған. Тергеу мәліметтері бойынша, әйелді күйеуі өлтірген.

"1982 жылы 31 қаңтарда Кэтлин Дерст жоғалып кеткеннен бері оның отбасы мен достары кейінгі 39 жыл бойы әділдік іздеген", - делінген прокурордың хабарламасында.

Агенттік мәліметіне сәйкес, бұрын миллионер әйелінің өліміне қатысы жоғын айтқан. "Бұл туралы ойласам, денем тітіркенеді", - деді Дерст. Ол кездейсоқ HBO телеарнасындағы The Jinx деректі фильмінде адам өлтіргенін мойындап, 2015 жылы Жаңа Орлеанда эпизод көрсетілместен бұрын қамауға алынды. Түсірілімдегі үзіліс кезінде кәсіпкер дәретханаға бара жатып былай деген: "Ал, ұсталдың. Мен не істедім? Әрине, бәрін өлтірдім". Бұл уақытта Роберт Дерстте жұмыс істейтін микрофон болған, ал мойындаған сөзі жазылып қалған.

Еске салайық, миллиардердің сот процесі 2020 жылдың 2 наурызында басталды, бірақ COVID-19 пандемиясына байланысты кейінге шегерілді.

Осылайша, 15 қазанда миллионер 2000 жылы Калифорнияда өзінің жақын досы Сюзан Берманды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Марқұм Берман 1982 жылы кәсіпкердің әйелі жоғалып кетуіне байланысты полицияға куәлік бергісі келген. Әйел басынан оқ тиіп, жарақат алған күйінде үйінен табылған. Жылжымайтын мүлік саласы бойынша миллиардер ұзақ жылдар бойы әйеліне не болғанын және Берманды кім өлтіргенін білмейтінін айтқан.

Роберт Дерст - жылжымайтын мүлік мұрагері, Нью-Йорк магнаты Сеймур Дерсттың ұлы және Дурлас ұйымының басшысы Дуглас Дерсттің ағасы. Ол бүкіл ел бойынша федералды іздеу тізімінде болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети