Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Ақтау полицейі пара ретінде iPhone алған 08 шілде 2014, 21:27

Полиция қызметкеріне қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот санкциясымен қамауға алынды.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Tengrinews иллюстрациясы © Tengrinews иллюстрациясы ©

Ақтаудағы полицей пара ретінде iPhone алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Маңғыстау облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясының) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бағасы 160 000 теңге болатын "iPhon 5 S" маркалы телефон мен 85 000 теңге көлемінде пара алып К. деген азаматқа қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатты, әрі оның жүргізуші куәлігі мен жеке куәлігін қайтарып берді деген күдікпен Маңғыстау облыстық ІІД-нің Ақтау қалалық ІІБ-нің тергеушісі Оразбаев ұсталды", - деп мәлімденген хабарламада.

Полиция қызметкеріне қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот санкциясымен қамауға алынды.


Join Telegram