05 қаңтар 2016 11:08

Ақтауда автожуу қызметкері клиенттің көлігін айдап әкетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Аvtomotospec.ru © Аvtomotospec.ru

Ақтауда автожуу қызметкері клиенттің көлігін айдап әкетті, - деп хабарлайды "Лада".  


Ақтауда автожуу қызметкері клиенттің көлігін айдап әкетті, - деп хабарлайды "Лада".  

Басылымның мәліметінше, оқиға қаладағы 28-ші ықшамауданда болған. Полицияға Атыраудың 27 жастағы тұрғыны хабарласып, көлігін жууға апарғанын, дегенмен кейін одан айырылып қалғанын айтады. Полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол Өзбекстанның 24 жастағы азаматы болып шықты. Тергеу мәліметінше, автожуушы қолындағы кілттің көмегімен көлікті айдап әкеткен.

Айта кетейік, осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Көлiк құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз айдап кету" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оған екі жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 1 мың АЕК көлемінде айыппұл салу жазасы қолданылуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети