1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Ақтауда бас ветеринар ұсталған сәт видеоға түсірілді

видеодан үзінді видеодан үзінді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтау қалалық инспекциясының басшысы сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Маңғыстау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық және қызметтік қылмыстары үшін күдікті болған "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтау қалалық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысына қатысты тергеуді бастады.

"Ол жалпы қамқоршылық пен арпа жем-шөбін шетелге экспорттау үшін ветеринарлық анықтамаларды заңсыз жедел түрде бергені үшін ЖШС өкілінен бірнеше рет 20 мыңнан 30 мың теңгеге дейінгі көлемде пара (тұрмыстық сыбайлас жемқорлық) алды деген күдікке ілінді.

Сонымен қатар, аталған лауазымды тұлға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымды басқаруға заңсыз қатысты деген күдікке ілінді. Іс жүзінде асырылмаған дезинфекция бойынша қызметтер атқару туралы ЖШС-мен келісімге кедергісіз келгені үшін осы ұйымның жеңілдіктері мен артықшылықтарын көрсеткені үшін 2 миллион 500 мың теңге көлемінде пайда тапқан деген күдікке қатыстылығы тексеріліп жатыр", - делінген хабарламада. 

Күдікті мен оның қорғаушысының процессуалдық келісім жасасу туралы өтінішіне байланысты процессуалдық қамауға алу қолданылған жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @anticorruption.kz (@anticorruption.kazakhstan)