1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Ақтауда екі қыз бен ер адам жүргізушіні тонап, соққыға жықты30 мамыр 2015, 09:35

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ақтауда екі қыз бен ер адамға әйел жүргізушіні тонап, соққыға жықты деген күдік туды, - деп жазады "Лада".

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, оқиға қаладағы 4 ықшамаудандағы №10 үй маңында болған. 28 жастағы әйел полицияға шағымданған. Ол үш адам, оның ішінде екі қыздың көлігіне отырғанын айтты. Автомобиль ішінде жолаушылар оған тап берген. Олар әйелді ұрып, планшеті мен 17 мың теңгесін тартып алып, оқиға орнынан қашып кетті.

Күдіктілер құрықталды. Олар Ақтаудың 33 жастағы тұрғыны мен оның 26 және 28 жастағы екі құрбысы болып шықты. Олар кінәларын мойындады. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Алматыда митинг өтті