Ақтауда қатарласын соққыға жығып, басынан орындықпен ұрған сарбаз сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ақтауда қатарласын соққыға жығып, басынан орындықпен ұрған сарбазға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Мой Город".

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда қатарласын соққыға жығып, басынан орындықпен ұрған сарбазға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Мой Город".

Порталдың мәліметінше, 25744 әскери бөлімінің қызметкері қатарласын соққыға жыққаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 440-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша айыпты деп танылды. Бірақ ол жазасын шартты түрде өтейтін болды.

ЭСотта 2017 жылдың 19 қарашасында шамамен сағат 21.00-де әскери қызметкер мен қатарласы арасында дау шығып, бірі екіншісінің басынан орындықпен ұрғаны анықталды. Нәтижесінде 18 жастағы Дәулет Әшіровтің денсаулығына ауыр зақым тиген. Ақтау гарнизонының әскери сотының үкімімен сотталушы айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабының негізінде сотталушы жазасын шартты түрде өтейді", - делінген әскери соттың баспасөз релизінде.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ақтауда қатарласы соққыға жығып, басынан орындықпен ұрған сарбаздың комада жатқаны хабарланған еді. Дәулет Әшіровтің әкесінің сөзінше, ұлы осы көктемде әскер қатарына қабылданған. Кейін келісімшарт бойынша әскерде қызмет етпек болған."Өзінің шамасы келмей орындыққа жармасқан. Міне енді осылай болды. Аямаймын, соттасын. Құдайдан тілейтінім тек ұлымның амандығы. Мықты мамандар қарап, ұлымды аяғынан тұрғызып берсе екен", - деген еді сарбаздың әкесі Бақтыбек Әшіров.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro