25 қараша 2017 11:41

Ақтауда қатарласы соққыға жығып, басынан орындықпен ұрған сарбаз комада жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтаудағы 25744 әскери гарнизонында қатарласы соққыға жыққан 18 жастағы сарбаз комада жатыр, - деп хабарлайды КТК.


Ақтаудағы 25744 әскери гарнизонында қатарласы соққыға жыққан 18 жастағы сарбаз комада жатыр, - деп хабарлайды КТК.

Дәулет Әшіровтің әкесінің сөзінше, ұлы осы көктемде әскер қатарына қабылданған. Кейін келісімшарт бойынша әскерде қызмет етпек болған. Ал 9 желтоқсанда жақындары оның 19 жасқа толған күнін атап өтпек болған екен. Ол үшін туыстары Шығыс Қазақстаннан бармақ болған, алайда, қайғылы оқиғаға байланысты жақындары дереу аттануға мәжбүр болып отыр. 

"Өзінің шамасы келмей орындыққа жармасқан. Міне енді осылай болды. Аямаймын, соттасын. Құдайдан тілейтінім тек ұлымның амандығы. Мықты мамандар қарап, ұлымды аяғынан тұрғызып берсе екен", - дейді сарбаздың әкесі Бақтыбек Әшіров. 

Дәулет Әшіровтің туысқандарының айтуынша, ұлдарының ант қабылдауын келгенде, оларды әскери бөлім толықтай бейне бақылаумен жабдықталды деп сендірген екен. Енджі туыстары сарбаздар төбелесіп жатқанын неге ешкім байқамаған деген сұрақ қойып отыр. "Алдағы уақытта кінәлілердің жазалап қана қоймай, жауапты тұлғалар да анықталуы тиіс" дейді олар.

Қазір оқиғаны әскери полиция тергеп жатыр. Екі сарбаздың жанжалына не себеп болғаны белгісіз. "Ақтау қаласындағы 25744 әскери бөліміндегі нақты мерзімдегі әскери қызметкерлдің арасындағы орын алған оқиғаның нәтижесінде Дәулет Әшіров Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Тергеу жүріп жатыр. Тергеу барысы Қорғаныс минстрі мен бас әскери прокурордың бақылуында", - ҚР ҚК әскери полиция бас басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Балқыбаев.

Ал дәрігерлер сарбаздың жағдайы ауыр екенін айтады. "Пациенттің жағдайы жақсы дей алмаймыз. Бас сүйек-ми зақымы және ми жарақаты бар. Қазір салыстырмалы түрде бірқалыпты дегенімізбен, жағдайы ауыр күйінде қалып отыр", - Маңғыстау облыстық ауруханасы директорының орынбасары Аймет Мұхаметов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети