17 сәуір 2015 12:11

Ақтауда қаза тапқан солдаттың туыстары подполковникті талап тастауға шақ қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Tv7.kz @Tv7.kz

Ақтаудағы 2018 әсери бөлімінде Оңтустік Қазақстан облысы Шұбарсу ауылының 19 жастағы тұрғыны белгісіз жағдайда қаза тапты, - деп хабарлайды "Жетінші арна". Солдаттың мәйіті түнгі уақытта келді.


Ақтаудағы 2018 әсери бөлімінде Оңтустік Қазақстан облысы Шұбарсу ауылының 19 жастағы тұрғыны белгісіз жағдайда қаза тапты, - деп хабарлайды "Жетінші арна". Солдаттың мәйіті түнгі уақытта келді.

Жалғас Ақжігітов отбасындағы үлкен ұл болған. Қараша айында әскерге жіберген оның туыстары жарты жылдан кейін мәйітті ғана алды. Солдатты ақша үшін ғана ұрып өлтіргеніне туыстары сенімді. Олардың айтуынша, жігіттің өліміне ауыр жарақат себеп болған.

Жалғас Ақжігітов үйіне мырыш табытпен әкелінді.

Қаза тапқан жігіттің туыстары жылап жатыр

"Ол басында Өскемендегі әсерде қызмет етті, екі аптадан соң оны Ақтауға ауыстырды. Содан кейін ол күн сайын қоңырау шалып, телефонына ақша салуын өтініп жүрді. Кейін одан 14 сәуірге дейін 25 мың теңге табуын сұраған. Ақтауда істейтін туысы оның сұраған ақшасын 14-не дейін апарып беріп үлгермеген. Келесі күні оның өлгені туралы хабар естідік", - деді қаза болған жігіттің әпкесі Нәзира Айнабекова.

Қаза тапқан жігіттің әпкесі Нәзира Айнабекова

Қайтыс болған жігіттің әпкесі Мақпал Ақжігітованың айтуынша, олар жігітті жүрегі тоқтап қалды деп алдаған. "Кейін ғана екі жігіттің әжетханада ұрып, өлтіріп кеткенін айтты", - деді ол.

Қаза тапқан жігіттің әпкесі Мақпал Ақжігітова

"Түнгі сағат екілер шамасында ол маған қоңырау шалып, бірлік салуымды өтінді. Мен бірлікті аударғаннан кейін оның аз екенін, одан да көп керектігін айтты. Түнгі 12-де мен онымен сөйлескенмін. Ертеңгі күні таңда қоңырау шалып, оның өлгенін айтты", - деді қаза болған жігіттің інісі Орынбасар Ақжігітов.

Жалғастың інісі Орынбасар Ақжігітов

Қаза болған солдаттың туыстары оның мәйітін алып келген командирдің орынбасарын талап тастауға шақ қалды. Қазаның себебін айтудан подполковник бас тартты.

Қаза болған жігіттің туыстары мәйітті алып келген подполковникті талап тастауға шақ қалды

"Аталған деректер бойынша Батыс аймағы әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу нәтижесі қосымша хабарланады", - деді Бекзат Бахиев.

Қаза тапқан солдаттың әкесі баласының өліміне қатысы бар деген күдікпен Қарағанды тұрғынының тұтқындалғанын айтты. Оның айтуынша, қылмысқа қатысы бар екінші жігіт сотқа куәгер ретінде қатысады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети