12 наурыз 2015 16:52

Ақтауда көлігін рұқсат етілмеген жерге қойған полицей айыппұл төледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Ақтауда көлігін тыйым салынған жерге қойған полицей айыппұл төледі, - деп хабарлайды Lada.kz басылымы Маңғыстау облыстық ІІД баcпасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақтауда көлігін тыйым салынған жерге қойған полицей айыппұл төледі, - деп хабарлайды Lada.kz басылымы Маңғыстау облыстық ІІД баcпасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД баспасөз қызметінің өкілдері тәртіп сақшысының аты-жөнін атап, оның Мұнайлы аудандық ішкі істер департаментінің жүргізушісі екенін хабарлады. Сонымен қатар, оған ҚР ӘҚК "Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау" туралы 601-бабы бойынша айыппұл салынғаны белгілі болды.

"Ереже бұзған адамға қатаң сөгіс жарияланды, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Бұл - 9910 теңге. Айыппұлды бір апта ішінде төлегені үшін, оған айыппұлдың жарты сомасын төлеуге мүмкіндік берілді, яғни, 4995 теңге. Полиция қызметкері жазған түсініктемесінде өз кінәсін мойындап, кешірім сұрады", - деді Маңғыстау облысының ІІД өкілі Азамат Сәрсенбаев.

Басылымның мәліметінше, полиция көлігінің Маңғыстау облысының ІІД ғимараты алдындағы тыйым салынған жерге қойылғаны түсірілген видео қыркүйек айында жарияланған. Видео авторы тәртіп сақшысының көлігінде бір әйел мен баланың болғанын айтты. Өзін видеоға түсіріп тұрғанын байқаған полицей оқиға орнынан кетіп қалады. 

Мұнымен қатар, полиция өкілдері рұқсатсыз қойылған көлік туралы шағымданған Интернет қолданушыларының пікірін де ескеріп, ендігіде бұл ғимарат алдында жол-патруль қызметінің жасағы күзетке қойылатынын мәлімдеді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети