Рұқсат етілмеген орындарға қоқыс лақтырғаны үшін салынатын 39 640 теңгелік немесе 20 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл Ақтаудағы көпқабатты үйлердің тұрғындарын тоқтатар емес. "Лада" порталының хабарлауынша, кезекті оқиға қаланың 4-ықшамауданындағы №10 үйде болды. Көпқабатты үйдің галереясынан тақтайлар, құрылыс материалдарының қалдықтары, қораптар мен батареялар лақтырылды.

Порталдың мәліметіне қарағанда, енді полицейлер пәтер иелерін шақыртады. Тәртіпке бағынбағандар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің "Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын көрiктендiру ережелерiн бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру" бабы бойынша қоқыс лақтырғаны үшін 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу түріндегі жазаға тартылуы мүмкін.
Бұған дейін көпқабатты үйдің терезесінен қоқыс лақтырағаны үшін Ақтаудың тағы бір тұрғынына айыппұл салынған еді. Желіде даулы ролик пайда болғаннан кейін 27-ықшамауданының учаскелік инпекторы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан пәтердің иесін тапты. Испектор Ерлан Зорбаевтың айтуынша, пәтердің иесі кінәсін бірден мойындамаған. Ол туысына қоқысты шығаруды тапсырғанын айтып түсіндірген, ал оның туысы жұмысшыларға тақтайлар мен есіктерді терезеден лақтыра салыңдар депті. "Біз сол азаматты мысалға ала отырып, рұқсат етілмеген жерге әсіресе көпқабатты үйлердің терезесінен қоқыс лақтырудың заңмен қудаланатынын көрсеткіміз келді", - деді Зорбаев.