НАУРЫЗДЫҢ ТОЙЛАНУЫ. 21 НАУРЫЗ

Ақтауда мас күйде көлік жүргізген әкім ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©auto.gazeta.kz ©auto.gazeta.kz

Ақтауда Өмірзақ ауылының әкімі көлік рулінде мас күйінде ұсталды, - деп хабарлайды "Лада" Ақтау ІІБ әкімшілік полиция бөліміне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда Өмірзақ ауылының әкімі көлік рулінде мас күйінде ұсталды, - деп хабарлайды "Лада" Ақтау ІІБ әкімшілік полиция бөліміне сілтеме жасап.

Оқиға 1 ақпан күні кешкі мезгілде Ақтау қаласының орталығында болды. Көлікті мас күйде басқарған шенеунік жол-патруль полициясы инспекторларының "Мас жүргізуші - қылмыскер" жедел алдын алу шарасы аясындағы рейді кезінде ұсталды. 

Ақтау қаласы ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің жол-патруль батальонының командирі Қалдымұрат Айғарақов ұсталған азаматтың Өмірзақ ауылының әкімі Құрманбаев екенін айтты. "Құрманбаев мас күйінде ұсталды. Жүргізуші сәйкес құжаттарын көрсетті, бірақ көлік мас күйде жүргізу бойынша өзге күдіктілер секілді ол да наркологияға жеткізілді. Дәрігерлер оның қан құрамында алкоголь бар екенін анықтады", - деді ол. Айғарақовтың айтуынша, ұсталған азаматқа қатысты көлік құралын мас күйде басқарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылған.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жедел алдын алу шарасы кезінде қалада барлығы 21 мас жүргізуші ұсталып, олардың үстінен әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл жүргізушілер көлік жүргізу құқығынан үш жылға айырылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, 2014 жылы Қазақстанда 36 мың адамның көлік жүргізу құқығынан айырылғаны хабарланған еді. ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаевтың мәліметінше, өткен жылы заң бұзған 8 мың жүргізуші қамауға алынған, бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда екі есе көп. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer