13 наурыз 2014 17:44

Ақтауда мәслихат депутаты алаяқтығы үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Қайыржан Әргенов. ©Kapital.kz Қайыржан Әргенов. ©Kapital.kz

Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Қайыржан Әргенов алаяқтығы үшін алты жылға сотталды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Қайыржан Әргеновті "Қызмет бабын пайдаланып аса ірі көлемде алаяқтық жасау" бабы бойынша мүлкін тәркілеумен бірге жалпы режимдегі колонияда алты жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды. Сот залында тұтқынға алынды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Бұған дейін Маңғыстау облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі депутаттың алаяқтық қылмысы үстінде ұсталғанын хабарлаған еді. 54 жастағы Әргенов Ақтау аумағынан ауданы 190 шаршы метр болатын жер телімін алып беруге көмектесетінін айтып, кәсіпкерден ақша талап еткен. Ақша бергісі келмеген кәсіпкер қаржы полициясына шағымданып, депутатты 3,8 млн теңге алып жатқан жерінде ұстатқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети