Ақтауда сарбазды өлтірді делінген күдікті екі айға қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтау гарнизоны әскери прокуратурасына сілтеме жасап.
Ақтауда сарбазды өлтірді делінген күдікті екі айға қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтау гарнизоны әскери прокуратурасына сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтаудағы №2018 әскери бөлімінде Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы 19 жастағы сарбаз белгісіз жағдайда қаза тапқаны хабарланған болатын. Қайтыс болған жігіттің туыстары оны ақша үшін өлтіргеніне сенімді.
Әскери прокуратураның хабарлауынша, осы жылдың 14 сәуірінде ҰҚК Шекараның шұғыл қызметі 2018 әскери бөлімінің ефрейторы Қайсаров материалмен қамтамасыз ету әскери бөлімінің қосалқы ғимаратында өзара қарым-қатынас ережесін бұза отырып, қатардағы Жалғас Ақжігітовтің кеуде тұсына оң қолының жұдырығымен бірнеше рет соққы жасаған. Нәтижесінде жігіт оқиға орнында қаза тапты.
"15 сәуірде Қайсаров осы қылмысқа күдікті ретінде танылып, Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы бойынша тұтқындалды. Ақтау қалалық сотының санкциясы бойынша ол 2 айға қамауға алынды", - деді әскери гарнизон прокуратурасының өкілдері.
Прокуратураның хабарлауынша, аталған деректер Қылмыстық кодекстің 440-бабы, 4-бөлігі бойынша қылмыстық құрам белгісімен Батыс аймақтық әскери-тергеу бөлімінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде оқиға болған күні тіркелді.
Қазір іс бойынша сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.