Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Ақтаулық полицей пара алмай тұрып жұмыстан шыққан

09 Шілде 2014, 11:46
0
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің мамандары қаржы полициясы ұстаған қызметкердің бұрын қалалық ішкі істер басқармасынан жұмыстан шығарылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz департаменттің баспасөз хатшысы Шолпан Юлдашеваға сілтеме жасап.

"Тергеуші (қалалық ішкі істер басқармасының қызметкері Оразбаев) 2 шілдеде жұмыстан шығарылды. Ал тергеуші пара талап еткен К. деген азаматқа қатысты қылмыстық іс 27 мамыр күні жабылған. Яғни, К. деген азамат қылмыстық өндірісте жатқан істі жабу үшін пара берген. Қаржы полициясының баспасөз қызметі бұрыс ақпарат ұсынған. Ұсталған тергеуші пара алғанға дейін жұмыстан босатылған болатын", - деп хабарлады Юлдашева.

Еске сала кетейік, жуырда Маңғыстау облысы бойынша қаржы полициясы департаменті 6 шілдеде Ақтау қаласы ішкі істер басқармасы тергеушісінің ұсталғанын хабарлаған болатын. Тергеуші Оразбаевқа құны 160 мың теңге тұратын iPhone 5 S телефоны мен тағы 85 мың теңге қаржыны пара ретінде алды деген күдік келтірілді. Ол бұл сыйлыққа К. деген азаматқа қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатып, оның жүргізуші куәлігі мен жеке куәлігін қайтарып бермек болған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай