24 маусым 2019 12:24

Ақтөбе облысында аудан әкімінің орынбасары ұсталды - Видео

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.


Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның Ақтөбе облысындағы департаменті өкілдері Мұғалжар ауданы әкімі орынбасары мен Қандыағаш ауылының мектеп директоры пара беруге ниеттенді деген күдікке ілінген. Олар ауданның білім мекемесі басшыларына Білім және ғылым министрлігі комиссия қызметкерлеріне ҰБТ-ның көрсеткішін оң нәтижемен көрсетсін деген мақсатта комиссия мүшелерін қымбат мейрамхана мен қонақүйлерге апаруға міндеттеген.

"2019 жылдың 20 маусымында атап өткен адамдар мектеп директорынан 540 мың теңге алған, бұл ақша Ембі қаласының жеті білім мекемесінен жиналған. Күдіктілерді процессуалдық тұтқынға алу шаралары өткізілген жоқ, себебі олар өз кінәларын мойындады. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл оқиға бойынша соңғы шешімді күдіктілердің кінәсіне қарай сот шығарады", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети