Ақтөбеде адам өлтірді деп ұсталған күдікті қамаудан қашып кетті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде адам өлтірді деп ұсталған күдікті қамаудан қашып кетті Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ақтөбеде адам өлтірді деген күдікпен ұсталған ер адам қашып кетті. Бұл туралы Ақтөбе облысы ІІД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде адам өлтірді деген күдікпен ұсталған ер адам қашып кетті. Бұл туралы Ақтөбе облысы ІІД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күдікті 23 қаңтар күні тергеу изоляторынан медициналық көмек көрсету үшін Ақтөбе қалалық жедел жәрдем ауруханасының хирургия бөліміне емделуге жеткізілген. Жедел жәрдем ауруханасынан дәрі тамызғыштың құтысын ұстап қашқан.

Қазіргі уақытта арнайы топ құрылып, күдіктіні іздестіру және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

"Аталған факт бойынша Ақтөбе облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады (ҚР Қылмыстық кодексінің 426-бабы "Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу". Оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жұмыстарды Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі аудит жүргізіп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады", - деп хабарлайды Ақтөбе облысының ішкі істер департаменті.

"Мой город" порталы әлеуметтік желілерде іздеу жарияланған хабарламаны жариялады. Онда 1973 жылы туған Айтқалиев Мұрат Жұмағалиұлының аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінгені, сырт киімсіз жүргені айтылған.

Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети