12 қазан 2018 12:50

Ақтөбеде "Алтын белгі" иегері 9 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот залынан. © Tengrinews.kz Сот залынан. © Tengrinews.kz

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында №19 мектептің түлегі Азат Дүсіповті өлтірді деп айыпталған физикалық-математикалық мектептің түлегі, "Алтын белгі" иегері Бекназ Кеншілікке қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі 9-тармағына сәйкес, соттың үкімімен 9 жылға сотталды. 

Айта кетейік, сотталушы 18 маусымнан бері қамауда болған еді.

Прокурор Азамат Байболатов оқыған айыптау актісінде Бекназ пен Азаттың 2018 жылдың 25 мамырында түлектердің оқу аяқтағандарын атап өтіп жатқан жерде кездескені айтылады. 

Еске сала кетейік, № 19 мектептің оқушысы Азат Дүсіпов 17 маусымда "Ақтөбе" - "Ордабасы" футбол ойынан кейін өлтірілген болатын. Азаттың достарының айтуынша, зардап шегуші де, күдікті де сол күні Орталық стадионда болған, алайда бірін-бірі танымаған. Екеуінің арасындағы дау түнгі сағат он екіде Түрген көшесінің бойындағы жатақхана ғимаратының артында болған. Төбелес болған жерде бақылау камералары болмаған екен. Тамаққа тиген пышақтан 17 жастағы мектеп түлегі Облыстық клиникалық балалар ауруханасында қайтыс болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети