22 тамыз 2022 13:32

Ақтөбеде арнайы ХҚКО-дағы операция: оқиғаның егжей-тегжейі айтылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтарға 200 мың теңгеге жүргізуші куәлігін алып берумен айналысқан Мамандандырылған ХҚКО-ның қызметкерлерін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтарға 200 мың теңгеге жүргізуші куәлігін алып берумен айналысқан Мамандандырылған ХҚКО-ның қызметкерлерін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында экзамен тапсыруға арналған сыныпқа кіре берісте міндетті теориялық емтиханнан өту кезінде ХҚКО қызметкерлері өздерінің қылмыстық рөліне сәйкес белгілі бір кандидаттарды металл іздегішпен тексермей, тізім бойынша кедергісіз өткізгені анықталды.

Сонымен қатар алдын ала ақша берген кандидаттардың тізімін азаматтық тұлғалар, яғни топ мүшелерінің сыбайластары жасап отырған. Емтихан тапсырушы құлапқаптармен, микрофонмен және камерамен жабдықталып, компьютер сыныбына өтіп, мониторда шыққан сұрақтарды қылмыстық топтың мүшесіне көрсетіп отырған. 

Ал ол өз кезегінде жалдамалы пәтерде отырып, оған дұрыс жауаптарды нұсқаған. Топтың тағы бір мүшесі емтихан кезінде көрші кабинетте отырып, оларды роутердің көмегімен интернетпен қамтамасыз еткен.  Осылайша, азаматтар тестті заңсыз  тапсырып, жүргізуші куәліктеріне қол жеткізген.

Жалдамалы пәтерді тінту кезінде полиция қызметкерлері 6 690 000 теңге, 1800 АҚШ долларын тәркіледі. Сондай-ақ құлаққаптар, кішкентай бейнекамералар, камералары бар емтихан тапсыруға арналған жилеттер, қуаттау құрылғысы және тағы да  басқа заттар тәркіленді. Сонымен қатар жеке тексеру кезінде бір экзамен тапсырушыдан марихуанаға ұқсас өсімдік тектес зат табылды.

Арнайы операция барысында Мамандандырылған ХҚКО-ның ауласында өз кезегін күтіп тұрған, өзіне қажетті техникамен жабдықталған тағы бір азамат ұсталды.

Қазіргі уақытта қылмыстық схемаға тартылған адамдардың әрекеттері құжатталды және тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети